Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Спиридоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ.
КГУ "Общеобразовательная школа с.Спиридоновка управления образования Акмолинской области отдела образования по Егиндыкольскому району".

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы туралы жадынама

 

 

кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы туралы 

 

ҚР Әкімшілік Кодексінің 434-бабы. Ұсақ бұзақылық 

Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, жеке тұлғаларды қорлау, тұрғын үй-жайларды қорлау, жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың, саябақтардың, скверлердің ластануы, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтардың шығарылуы және басқаларға құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер, - 

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

  

ҚР Әкімшілік кодексінің 435-бабы. Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының бірінші бөлігінде көзделген он төрт жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық (қоғамға айқын сыйламаушылық білдіретін, азаматтарға зорлық-зомбылық қолданумен не оны қолдану қатерімен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ұятсыз әрекеттер жасаумен сүйемелденетін қоғамдық тәртіпті батыл бұзу), -

 

ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  

ҚР Әкімшілік Кодексінің 437-бабы. Тыныштықты бұзу 

Түнгі уақытта (таңғы 23-тен таңғы 6-ға дейін) тыныштықты бұзу, оның ішінде тұрғын үй-жайларда және олардың шуымен сүйемелденетін, шұғыл қажеттілікпен байланысты емес, жеке тұлғалардың қалыпты демалуына және тыныштығына кедергі келтіретін жұмыстарды жүргізу, -

 

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  

ҚР Әкімшілік Кодексінің 438-бабы. Арнаулы қызметтерді көрінеу жалған шақыру 

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет, полиция, жедел медициналық көмек, авариялық қызметтер органдарын көрінеу жалған шақыру - 

Жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  

ҚР Әкімшілік кодексінің 440-бабы. Алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу 

Қоғамдық орындарда он сегіз жасқа толмаған адамдардың мас күйінде пайда болуы, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі - 

ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  
442-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуы

Ескерту. 442-баптың тақырыбы жаңа редакцияда-ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 қолданысқа енгізіледі).

 

Жаңартылған күні: 10.05.2024 15:25
Құрылған күні: 10.05.2024 15:27

Текст