14.03.2025
https://www.instagram.com/reel/DHKiGShi4dD/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Бұл — елдің ырыс-ынтымағын арттыратын айрықша мейрам. Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс.Ай бойы үзілмей жылға ұласатын бұл мерекеде үлкен-кіші ағайын сәлем берісіп, бір-біріне ренжіскен адамдар болса міндетті түрде кешірім сұрап, өкпе реніштерін ұмытып, амандық-саулық сұрасып көрісіп, өзара "Жаңа жыл құтты болсын!", "Ұлыс оң, ақ мол болсын!", "Амалдан амалға жете берейік" деп құт береке тілеседі.