Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Егіндікөл ауданы мектептерінің 2008-2009 ж.т., 2010-2011 ж. т. оқушылары арасында "жазғы президенттік көпсайыс" аудандық жарысы өтті. Жарысқа оқушылар келесі спорт түрлері бойынша жарысты: жүгіру-60 м, 100 м, кросс - 1000 м, 2000 м, граната лақтыру, пневматикалық мылтықтан ату, орнынан ұзындыққа секіру.
05.05.2025
Жарыстың негізгі мақсаттары: ауданда жазғы спорт түрлерін дамыту, Президенттік көпсайысты насихаттау, Щучинск қаласында оқушылар арасында облыстық жарыстар мен спартакиадаларға үздік спортшыларды іріктеу болды.
Жарыс қорытындысы бойынша біздің балалар командасы 1 орынды иеленді 🥳 🥳 🥳 балаларды құттықтаймыз және облыстық кезеңде сәттілік тілейміз.
Просмотров: 830