Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Спиридоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ.
КГУ "Общеобразовательная школа с.Спиридоновка управления образования Акмолинской области отдела образования по Егиндыкольскому району".

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 сентября

02.09.2025

1 қыркүйек күні мектебімізде «Менің мектебім — мейірімділік мекені!» атты Білім күніне арналған жарқын әрі салтанатты жиын өтті.
Мерекеге оқушылар, ұстаздар, ата-аналар және құрметті қонақтар жиналды.
Егіндікөл ауданының әкімі Юрий Викторович Курушин құттықтау сөз сөйлеп, баршаға жаңа оқу жылында табыс тілеп, дарынды балаларды қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Осы күні ол құны 750 000 теңге, болатын музыкалық аппаратура сертификатын табыстады. Бұл сый мектеп оқушыларының көркемдік және музыкалық қабілеттерін дамытуға үлкен үлес қоспақ.
Салтанатты жиынға сондай-ақ Спиридоновка ауылдық округінің әкімі Башенов Айтан Қабдулбариевич пен Егіндікөл ауданы білім бөлімінің басшысы Қаратаев Тұрар Батыргалиевич қатысып, ұстаздарды, оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Просмотров: 220


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст