Негізгі ережелер
1. Педагогтерді аттестаттау біліктілік деңгейін айқындау және біліктілік санатын беру (не растау) мақсатында жүргізіледі.
2. Білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогтері (нормативтік‑құқықтық актілермен бекітілген лауазымдар тізбесі бойынша) аттестатталушы болып табылады.
3. Келесі негізгі процедуралар белгіленді:
- біліктілікті бағалау (педагог портфолиосын талдау)
- педагогтердің білімін бағалау (ЖЖБ) — білімді тестілеу.
- педагог қызметінің нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау (Оқу жетістіктері, конкурстарға қатысу, кәсіби жетістіктер.
Аттестаттаудың мерзімдері мен кезеңділігі
- Педагогтар, әдіскерлер, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер / орталықтар басшыларының орынбасарлары үшін-кемінде бес жылда бір рет.
- Білім беру ұйымдарының бірінші басшылары үшін-үш жылда бір рет.