Текст
09.02.2026
9 ақпанда мектеп ұжымымен "Қазақстан Республикасының өзекті Конституциялық моделі: мемлекет, қоғам және құқық арақатынасы"тақырыбында семинар-диалог өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ елдің тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етудегі құқықтың рөлі қаралды.Қатысушылар заманауи конституциялық өзгерістерді, заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарының маңыздылығын, сондай-ақ әрбір азаматтың демократиялық құндылықтарды нығайтуға қосқан үлесін талқылады.