Текст
07.04.2026
Дүниежүзілік денсаулық күні аясында, 7 сәуірде мектепте "Салауатты өмір салты-табысты болашақтың негізі" тақырыбында бірыңғай сабақ өткізілді
Іс-шараның мақсаты-білім алушыларда салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, олардың физикалық және психикалық денсаулығына жауапкершілікпен қарауды дамыту.
Сынып сағаты барысында оқушылар дұрыс тамақтану негіздерімен, дене белсенділігінің мәнімен, күн тәртібін сақтаумен және жеке гигиена ережелерімен танысты. Сондай-ақ пайдалы әдеттерді қалыптастыруға бағытталған интерактивті тапсырмалар мен талқылаулар өткізілді.
Мұндай іс-шаралар денсаулыққа саналы көзқарасты тәрбиелеуге және табысты болашақ үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді. 🌿