Құрметті ата-аналар және заңды өкілдер!
26.11.2026
«Спиридоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
🔢 Мемлекеттік қызмет коды: 03105001.
Құнарлы әрі уақтылы тамақтану — баланың денсаулығы, өсуі мен табысты білім алуының маңызды негізі.
📌 Қызметті қалай алуға болады?
Ата-аналар немесе заңды өкілдер мектепке не eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы өтініш бере алады. Өтінішке тиісті санатқа жататынын растайтын, қызмет көрсету қағидаларында көзделген құжаттар қоса беріледі.
✅ Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
🗓️ Қызмет көрсету мерзімі — 5 жұмыс күні.
📄 Нәтижесі — тегін және жеңілдікпен тамақтандыру туралы анықтама немесе дәлелді бас тарту жауабы.
☎️ Өтініш беру тәртібі, қажетті құжаттар және тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша: 8 (71642) 2-71-80.