Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Спиридоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ.
КГУ "Общеобразовательная школа с.Спиридоновка управления образования Акмолинской области отдела образования по Егиндыкольскому району".

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Патронаттық кәсіби отбасы

18.04.2023

Патронаттық кәсіпқой отбасы

 

            Республикада 1406 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала болса, оның ішінде 1226 бала қазақстандықтардың отбасында тәрбиеленуде.

            Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 6 ұйымда 181 бала тәрбиеленуде.

            Баланың отбасында тұру және тәрбиелеу құқығын қамтамасыз ету мақсатында:
- отбасын құрудың 4 формасы бар: бала асырап алу, қорғаншылық (қамқоршылық), патронаттық тәрбие, патронаттық отбасы құрылған.
            Осымен қатар, Ақмола облысының әкімдігімен және «AНА ҮЙІ» қоғамдық қорымен бірлесіп, Ақмола облысында патронаттық кәсіпқой отбасылар институтын құру бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда.
            Патронаттық кәсіпқой отбасы – аға-інілері мен апа-сіңлілерін, оның ішінде табиғи және асырап алынған кәмелетке толмаған балаларды қоспағанда, төрттен көп емес баланы асырап алған отбасына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін орналастыру нысаны.
            Бала асырап алушы кәсіби тәрбиешілер тек бала асырап алушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары бола алады, яғни 30 жасқа толған, бірақ 63 жастан аспаған, сотталмаған, наркологиялық, психологиялық есепте тұрмаған, тұрғын үйі бар, міндетті оқудан өткен, тиісті медициналық көмек алған тұлғаларға рұқсат етіледі.
            Кәсіптік патронаттық отбасына берілген балаларды күтіп-бағуға төленетін жәрдемақы мөлшері жиырма айлық есептік көрсеткішті, бір патронат тәрбиешінің қызметі үшін төлем 90 АЕК құрайды.
            Үміткер болғыңыз келсе және қызықтыратын сұрақтарыңыз болса, мына телефондарға хабарласуыңызға болады: 21975, 21979, «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

 

Кубжетерова А.А.,

-Ақмола облысы білім басқармасының

Егіндікөл ауданының білім бөлімі

 бас маманының м.а.

Просмотров: 1253


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст