Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Спиридоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ.
КГУ "Общеобразовательная школа с.Спиридоновка управления образования Акмолинской области отдела образования по Егиндыкольскому району".

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәуелсіз елім – тірегім, туған тілім – жүрегім!

20.12.2017

Тәуелсіз елім – тірегім, туған тілім – жүрегім!

Мен отбасыммен бірге тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде тұрамын. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел.

Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер,

неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде

аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар 

бар. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан

тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар.   

Біздің еліміз әрқашан бейбітшілікті, ынтымақтастықты, достықты, бірлікті

қолдайды. Сондықтан да елімізде тыныштық. Елімізде көптеген ұлттың өкілдері

тұрса да, бір ұлттың баласындай тату-тәтті өмір сүруде.

Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Қазір Елбасымыз үш тілді білуді міндеттеп

отыр. Менің ойымша, егер адам өзге тілді білетін болса, ол ең білімді адам деп

ойлаймын. Өйткені сол тіл арқылы басқа халықтың мәдениетімен, дәстүрімен

танысып, танымын  кеңейтеді. Мен

қазақ тілін оқып үйренудемін. Үйде маған қазақ тілін үйренуге анам көмектеседі.

Ол қазақ тілін  біледі. Осы елде тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі керек. Қазақ

халқы – мейірімді, қонақжай халық. Кең байтақ қазақ жеріндей, халықтың рухани

байлығы да кең.

Мен осы елде дүниеге келіп, бейбіт елде тұрып жатқанымды

мақтан етемін. Отан біз үшін оттан да ыстық. Сондықтын да мен еліміздің өркендеп, өсуі үшін сабақты жақсы оқып, өз

үлесімді қосамын. Алдымызда үлкен мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні. Биыл

еліміздің тәуелсіздігіне 24 жыл болады. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын!

                                                       

                                                      

Армавир орта мектебі

                                                  7-сынып оқушысы

                                          Чаева

Ариана    

Просмотров: 511


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст