31.03.2026
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Қабылдау туралы ақпаратпен танысу маңызды
2026-2027 оқу жылына арналған 1-сынып!
ҚР Білім Министрлігінің жаңа нұсқаулығына сәйкес (2026 жылғы 30 наурыздағы N°хат
2-20-6/2297-И), биыл құжаттарды қабылдау мерзіміне өзгерістер енгізілді.Бұйрыққа сәйкес ағымдағы жылы ҚР бойынша 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады Egov.kz кестеге сәйкес.
Ақмола облысы-10 маусымнан 31 тамызға дейін.
Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және осы ұйымда оқуды жалғастыруға ниет білдірген балалар автоматты түрде осы ұйымның бірінші сыныбына қабылданатынын хабарлаймыз; баланы басқа білім беру ұйымына айқындауға ниет білдірген көрсетілетін қызметті алушылар құжаттарды жалпы негіздерде ұсынады.Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) "бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау"мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне нысанға сәйкес ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші;
2) "денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "профилактикалық егулер картасы" № 065/у нысанындағы және "бала денсаулығы паспорты" № 052-2/у нысанындағы медициналық анықтамалар;
3) 3х4 см баланың сандық фотосуреті.)